Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды

29 Маусым 2018, 13:35
0
Жомарт Ертаев.
Жомарт Ертаев.

Қазақстанның Бас прокуратурасының өтінішімен бизнесмен Жомарт Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура өкілдері "РБК Банк" АҚ директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісін Ресей Федерациясынан экстрадициялауға қатысты шараларды қолданып жатыр.

Еске сала кетейік, бизнесмен банктің 160 миллион доллар қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, іздестіріліп жатыр.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаты бойынша 2018 жылдың 14 маусымында Мәскеу соты үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасын 8 қарашаға дейін ұзартты. Сонымен қатар, біздің өтінішхатымыз бойынша Ресейдің ІІМ-нің Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының 2018 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Ертаевқа 2017 жылғы қараша айында Ресей Федерациясында тұруға берілген құқығының күші жойылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері ресейлік әріптестермен өзара іс-қимыл жасасып, Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылы 16 маусымда 40 тәулікке үй қамауына алынған болатын

Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Ертаев Жомарттың ұсталғаны айтылады.  

"Ол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен", - деп хабарлаған еді министрлік өкілдері.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай