03 ақпан 2022 12:00

Ерұлан Құсайынов: "KITAP - Біздің Mybook-ке жауабымыз"  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерұлан Құсайынов Ерұлан Құсайынов

2021 жылдың желтоқсан айында KITAP кітап сервисі мен Tele2/Altel компаниясы ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Өзінің төлем жүйесін белсенді түрде дамытып жатқан Оператор биллингтік функцияларды өз мойнына алды. Бұл ретте, әріптестік жүйесі Tele2/Altel желісінің пайдаланушылары үшін айына 990 теңгені құрайтын тиімді абоненттік төлемді қамтамасыз етті, ал басқа желілердің абоненттері KITAP контентіне 1590 теңгеге қол жеткізеді. "Мобайл Телеком-Сервис" (Tele2/Altel) Байқау кеңесінің мүшесі Ерұлан Құсайынов және Bilim Media Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы сервисті дамытуға көмектесетін бірлескен жұмыс туралы айтып берді.


2021 жылдың желтоқсан айында KITAP кітап сервисі мен Tele2/Altel компаниясы ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Өзінің төлем жүйесін белсенді түрде дамытып жатқан Оператор биллингтік функцияларды өз мойнына алды. Бұл ретте, әріптестік жүйесі Tele2/Altel желісінің пайдаланушылары үшін айына 990 теңгені құрайтын тиімді абоненттік төлемді қамтамасыз етті, ал басқа желілердің абоненттері KITAP контентіне 1590 теңгеге қол жеткізеді. "Мобайл Телеком-Сервис" (Tele2/Altel) Байқау кеңесінің мүшесі Ерұлан Құсайынов және Bilim Media Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы сервисті дамытуға көмектесетін бірлескен жұмыс туралы айтып берді.

"Біз нарығымыз үшін бірегей болып табылатын осы сервисті қуана отырып қолдаймыз. Жазылу бойынша қазақ тіліндегі көптеген кітаптар мен аудиокітаптарды пайдаланушыларға әлі ешкім ұсынбаған. Қазір пайдаланушылар 500 аудиокітапқа және 3000-нан астам кітапқа қол жеткізе алады. Бұл ретте, оның саны қарқынды түрде өсуде және жақын арада 5000-ға жетеді. Кірапханада Абайдан бастап, Мұқағали Мақатаевқа дейін қазақ авторларының үздік кітаптары, сондай-ақ әлемнің ең танымал жазушыларының сапалы аударылған туындылары бар. Мысалы, қазіргі таңда Стивен Фредерик Старр, Юваль Ной Харари, Стивен Кови секілді авторлардың бестселлерлері жоғары сұранысқа ие", - деп атап өтті Ерұлан Құсайынов.

Сондай-ақ Ерұлан Құсайынов атап өткендей, бұл жоба - білім беру бастамаларын қолдауға бағытталған компанияның тағы бір қадамы.

"Біз үшін бұл - жай ғана жекелеген іс-шара емес, бұл - біздің әлеуметтік қызметіміздің терең философиясы. Jump2Mars секілді жұмыс істеп тұрған жобалар - жас оқытушылар әртүрлі пәндер бойынша ойын түрінде білім беретін TikTok-арна, табысты еркектер отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынастар туралы өз пікірін бөлісетін ER-BATYR және көптеген басқалары - біз жаңа буынның дамуын қолдай отырып қоғамға көмектесіп жатырмыз деген ізгі сенімнің іргелі платформасы".

KITAP платформасы мемлекеттік тілдегі туындылардың аса ірі кітапханасына қол жеткізуді ұсынады. Онда қазақ авторларының туындыларына ерекше назар аударылған, бірақ күн сайын онда әлем классиктерінің туындылары көбейе түсуде. Александр Пушкиннен бастап, Джек Лондон мен Шыңғыс Айтматовқа дейін. Кез келген кітаптың қосылуы авторлық құқық туралы міндетті келісіммен және қазақ тіліне аудармасымен бірге жүреді, бұл - қосымша уақыттың жұмсалуын қажет етеді. Алайда, бұған қарамастан, кітапхана күн сайын толықтырылып отырады. Қазір сервистің ең күтілген жаңа өнімдерінің бірі -  Джоан Роулингтің Гарри Поттер туралы кітаптарының бүкіл сөресі болып табылады.

Рауан Кенжеханулы 

"Тіл ең алдымен, өзінің мазмұнымен маңызды болып табылады. Біздің міндетіміз - қазақ тілін әр қазаққа өз рухын күшейтуге және жеке тұлға ретінде дамуға көмектесетін заманауи және өзекті мазмұнмен толтыру. Өзекті мазмұн туралы айта отырып, біз аударма әдебиетке ерекше көңіл бөлеміз және заманауи аудармамен айналысатын жаңа әріптестеріміздің барлығына шексіз алғысымызды білдіреміз", - дейді Рауан Кенжеханұлы - KITAP қолданбасын әзірлеуші ретінде әрекет ететін "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының директоры.

"Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек" - деп жазды ұлы Абай өзінің "Қара сөздерінде". KITAP сервистері де мемлекеттік тілге уақытылы аудару арқылы үздік кітаптардың көп мөлшеріне пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді алдына міндет етіп қояды. Бұл - өсіп келе жатқан буынға әртүрлі бағытта дамуға мүмкіндік береді. Ал жан-жақты даму - табысқа әкелері сөзсіз", - деп атап өтті Ерұлан Құсайынов.

Кітапханаға жазылуды *204# USSD-пәрмені арқылы (Tele2/Altel), сондай-ақ App Store/Play Market-те қолжетімді KITAP қолданбасында рәсімдеуге болады. Сондай-ақ жазылу Kitap.kz сайтында автоматты түрде белсенді етіледі. Бұл ретте Tele2/Altel абоненттерінде сервисті пайдалану кезінде интернет-трафик тарифтелмейді. Қолданбаның артықшылықтарының бірі ретінде, кітаптар онда жүктеп алғаннан кейін офлайнда қолжетімді болады, сүйікті туындылардың барлығы сөреде сақталады, ал кірістірілген ұйқы таймері ұйқының қанбауынан сақтануға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, кітаптарды қадірлеушілердің әрқайсында таңдау бар: өзіне ұнаған кітапты оқуға  немесе тыңдауға болады. Сымамалық  пайдалану үшін тегін үш күндік кезең қарастырылған.

Ерұлан Құсайынов:

"Бұл жоба біз үшін - түбегейлі және басымдықты болып табылады деуге болады. Қазақстанда мемлекеттік тілде сапалы контенттің  біршама жоғары тапшылығы орын алған. Бұл ретте, қазіргі таңдағы тіршілік қарқыны аудио пішімінің кеңінен таралуын ары қарай күшейтуде. Көптеген адамдар үшін кітаптарды қолданбада оқып қана қоймай, сонымен қатар тыңдау барынша ыңғайлы болуда. Соңғы 6 айдың ішінде біз Bilim Media Group-пен дәл осы мәселені - KITAP қолданбасын іске қосуды" ойладық".

Қазір ең көп оқылатын туындылардың тізімінде Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" кітабының бірінші томы сенімді түрде бірінші орынға жайғасқан. ТОП-5 тізіміне сондай-ақ Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілегі", Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романының бірінші томы, Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Қамар сұлуы" ілінген. "Аудиокітаптар" бөлімінде Абай Құнанбаевтың "Поэмалары" және жоғарыда айтылып кеткен "Абай жолы" бірінші орында тұр, алайда, үздіктер қатарына Стивен Ковидің "Тиімділігі жоғары адамдардың жеті машығы", Клаус Швабтың "Төртінші өнеркәсіптік революциясы" және Қалихан Бекхожиннің "Жусаны" кіреді.

"Меніңше, жақын арада біз үшін ең маңызды тренд - білімнің цифрландырылуы болмақ. Бұл үдерістің аса маңызды элементі - цифрлық мазмұн болып табылады. KITAP-та мектептегі қазақ әдебиетінің бүкіл бағдарламасының толық аудиохрестоматиясы бар екенін біз мақтанышпен айта аламыз. Біздің қолданбамыздың кітапханасы өзекті және қызықты болуы үшін біз бүкіл күш-жігерімізді саламыз", - деп түйіндеді Рауан Кенжеханұлы.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети