03 қараша 2016 | 14:37

Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытбек Есентаев қыздарымен. © Айсәуле Бақытбектің желідегі суреті Бақытбек Есентаев қыздарымен. © Айсәуле Бақытбектің желідегі суреті

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот процесі жабық түрде өтіп жатыр, себебі іс материалдарында интимдік детальдар бар.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот процесі жабық түрде өтіп жатыр, себебі іс материалдарында интимдік детальдар бар.

Осыдан кейін сот үкімін шығарды. Сотталушы "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал қалған екі бап бойынша ол ақталып шықты. Есентаевтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. "Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз (...) Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз", - деді Бекболат Жексейітов.

Ал осыған дейін Алматы облыстық прокуратурасында, мемлекеттік айыптаушы Есентаевты ҚР Қылмыстық кодексінің "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және "Зорлау" баптары бойынша екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты кінәсіз деп тауып, ал "Кіс өлтіруге оқталу" бабы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұраған еді.

Талдықорғанда Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты алқа билерінің қатысуымен өтіп жатқан сот отырысында Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірген еді. "Лашын" тобы мен такси жүргізушісінен Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сотта жауап алынған. Бұл туралы сотталушының қорғаушы тараптың өкілдері мәлімдеді. Продюсердің адвокаты Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істі тоқтату туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді

Елді дүрліктірген осы оқиғаға байланысты Баян Мақсатқызы сұхбат берген болатын, оның видеосын мына жерден көре аласыз. 

Еске салайық, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алды, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети