09 желтоқсан 2023 17:20

"Есігі жабылып қалды". Өскеменде бір жасар бала көліктің ішінде қалып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Өскеменде Гагарин көшесінде тұрған көлік салонының есігі абайсызда жабылып қалып, ішінде бір жасар бала қамалып қалды. Баланың анасы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылар келіп, құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы алып шықты.

ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

"Мұқият болып, балаларды бір сәтке болса да қараусыз қалдырмаңыздар. Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыздар", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети