06 маусым 2022 20:01

Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ - Тоқаев референдум туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өткен референдум туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өткен референдум туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті отандастар! Кеше елімізде ерекше тарихи мәні бар оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата Заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. 

Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын", - деді Президент үндеуінде.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети