Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ескерту жасағандармен ерегескен ер адам жүргізуші куәлігіне қайта емтихан тапсыратын болды

01 Тамыз 2016, 12:24
0
YouTube кадры
YouTube кадры

Ескерту жасаған адаммен ерегескен ер адам жүргізуші куәлігіне қайта емтихан тапсыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ер адам ұсталып, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 601-бабы бойынша ("Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау") айыппұл салынды (бес айлық есептiк көрсеткiш). Айыппұлмен қатар, бұл бап жүргізу куәлігіне қайта емтихан тапсыруды қарастырады. 

Ал оған ескерту жасаған алматылық ерлі-зайыпты оның үстінен арыз түсіруден бас тартыпты. Айтуларынша, бастысы жол қозғалысы ережесін бұзғанын көрсету екен. 

Еске салайық, оқиға 29 шілдеде "Сары-Арқа" кинотеатырының маңында болған. Біржақты көшемен кері қозғалыс жасап келе жатқан жүргізушіге жаяу жүргінші ескерту жасағаннан кейін, ер адам онымен ерегескен. 

"Оқиғаны бөліскім келеді. Бүгін сағат 17.40-та "Сары-Арқа" кинотеатрының маңындағы көшеден күйеуіммен өтіп бара жатқанбыз. Ол көше базар мен кинотеатр арасын бөліп тұр және бір жақты қозғалыс үшін деген белгісі бар. Ер адам сол көшемен көлікпен келе жатыр және өзін өткізіп жібер деп дабыл қақты. Менің күйеуім оған қарсы шықты. ...видеоны жарияладым... Ер адамның менің күйеуіме атыла түскеніне таң болдым... оның бір жақты қозғалыс белгісіне айтқан сөзі ... "бәлкім мен көрмей қалған шығармын"... Осындай адамдардың әрекетінен ойымыз шашыраңқы бола түседі..." - деп жазады видеоның сипаттамасында Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Елена Сағымбаева.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай