Ескерту жасаған жаяу жүргіншіге сес көрсеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

29 Шілде 2016, 15:58
3
Ескерту жасаған жаяу жүргіншіге сес көрсеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр - © YouTube желісіндегі кадрдан үзінді
© YouTube желісіндегі кадрдан үзінді

Жергілікті полиция қызметкерлері "Сары-Арқа" кинотеатырының жанында болған оқиғаның қатысушыларын іздестіріп жатыр. Біржақты қозғалыс жасап келе жатқан жүргізушіге жаяу жүргінші ескерту жасағаннан кейін, ер адам агрессия танытқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық  ІІД баспасөз қызметі хабарлаған.

"ІІД басшылығының бұйрығы бойынша, жергілікті полиция қызметіне видеодағы оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, жағдайды біліп, заңды баға беру тапсырылды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қолданылады", - дейді ведомстводағылар. Оқиғаның видеосы ғаламторда 2016 жылы 28 шілдеде пайда болды.

"Оқиғаны бөліскім келеді. Бүгін сағат 17.40-та "Сары-Арқа" кинотеатрының маңындағы көшеден күйеуіммен өтіп бара жатқанбыз. Ол көше базар мен кинотеатр арасын бөліп тұр және бір жақты қозғалыс үшін деген белгісі бар. Ер адам сол көшемен көлікпен келе жатыр және өзін өткізіп жібер деп дабыл қақты. Менің күйеуім оған қарсы шықты. ...видеоны жарияладым... Ер адамның менің күйеуіме атыла түскеніне таң болдым... оның бір жақты қозғалыс белгісіне айтқан сөзі ... "бәлкім мен көрмей қалған шығармын"... Осындай адамдардың әрекетінен ойымыз шашыраңқы бола түседі..." - деп жазады видеоның сипаттамасында Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Елена Сағымбаева.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай