Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарды - Назарбаев

09 Тамыз 2015, 15:41
1
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті сапар аясында қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Мемлекет басшысы сондай-ақ қала активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды және мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалған Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. "Осы уақыт аралығында қала елеулі нәтижелерге қол жеткізді, келбеті өзгерді, барынша икемді әрі жайлы бола түсті. Баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп, жаңадан екі аудан пайда болды. Азиада табысты өткізілді, қазіргі кезде Дүниежүзілік студенттер ойынына дайындық жүріп жатыр. Алматыда шағын және орта бизнес екпінді дамуда. Оның үлесі қала экономикасында 30 пайыздан асып, бюджет түсімдерінің үштен екісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл - маңызды көрсеткіш, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті атап өткендей, Есімовтің тәжірибесі қазіргі уақытта Астанада ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қажет. "ЭКСПО-2017 - біздің болашағымыз. Көрме нысандарының құрылысы - бұл міндеттің тек бір қыры ғана. Оның басқа, әлдеқайда маңызды қыры - мазмұндық толығуы. ЭКСПО-2017 Қазақстанның барлық салада балама энергетиканы дамыту арқылы жаңа технологиялық құрылысқа өтуі үшін серпін беруі тиіс. Ұлттық компанияның басшылығына үкіметпен, барлық өңірлердің әкімдіктерімен іс-қимыл жасайтын, инвестиция және технология тарту үшін әлемнің ондаған елдерімен жұмыс істейтін тәжірибелі адам керек, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы елдің ірі қаласы ғана емес, экономиканың локомотиві әрі ғылыми-ағартушылық орталық болғандықтан, оны басқару тәжірибелі және креативті кадрды қажет ететініне назар аударды. "Бауыржан Байбек - осындай лауазымға тағайындалып отырған "Болашақ" бағдарламасының бірінші түлегі. Ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қасымда жұмыс істей жүріп, менің қызметімді көрді, бүкіл республикамызды аралады, маңызды сайлау науқандарына қатысты, ал бізді алда парламенттік сайлау күтіп тұр, бұл оңай сынақ емес. Оның қала алдында тұрған міндеттерді елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында сіздермен бірлесіп шеше алатынына сенімдімін", - деді Қазақстан Президенті.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай