10 маусым 2016 10:11

Есімов пен Головкин Қазақстанда ірі бокс кешін өткізу мүмкіндігін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана ЭКСПО-2017" ҰК баспасөз қызметі © "Астана ЭКСПО-2017" ҰК баспасөз қызметі

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есімов спортшыға "ЭКСПО-2017" көрмесін халықаралық аренада ілгерілету бағытында атқарып жатқан жұмысы үшін алғыс білдірді. "ЭКСПО да сіздің спорттық мансабыңызды ынтызарлықпен қадағалап отырады. Біріншіден, біз, барлық қазақстандық сияқты өзіңізді еліміздің мақтанышы санаймыз. Екіншіден, көрмені әлемге таныту бастамасын мойныңызға алғаныңызға шексіз қуаныштымыз", - деді Ахметжан Есімов.

Геннадий Головкин өз кезегінде көрме тақырыбының маңыздылығын жеткізу барысында барлық күш-жігерін салатындығын айтты. "Мен үшін "ЭКСПО-2017" көрмесінің ресми елшісі болу әрі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір ауқымды жобалардың бірін таныстыру үлкен мәртебе", - деді Головкин. Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстанда ірі бокс-ивент өткізу әрі бұл спорттық шараны "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне орайластыру мәселесі талқыланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети