Алматыда салынып жатқан зертхана құрылысы. ©Дмитрий Хегай
Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалада Қазақ карантиндік және зоонозды инфекция ұлттық ғылыми орталығы жанынан Орталық референс-зертхана салуды құптамайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. "Құрылыс туралы шешім 2004 жылы қабылданыпты. Қазақстанның энергетика министрлігі мен АҚШ қорғаныс министрлігі арасында келісім жасалған. Сол кезде неге мұндай шешім қабылданғаны, құрылыстың неге Алматыда салынатыны маған әлі күнге дейін түсініксіз", - деді қала басшысы өткен сәрсенбіде Алматыда блогерлермен кездесу кезінде. Ахметжан Есімов бұл жобаны жақтырмайтынын ашық айтты. "Ол зоонозды аурулар орталығы аумағында салынып жатыр, оған денсаулық сақтау министрлігі жетекшілік етеді. Соның аумағында салынып жатыр. Құрылысқа құрылыс жөніндегі агенттік рұқсат берген, яғни қаланың қатысы болмай қалды. Бұған әкімдік араласпады", - деді Есімов. Дегенмен жергілікті билік аталған нысанға үлкен талап қойған: ол сейсмикалық жағдайда өте төзімді болуы керек, кәріз жүйесі өз аумағынан ешқайда аспауы тиіс. Басшы құрылысқа наразы болғанымен, мәселені қайта қараудың қиын екенін жасырмады. "Америка сияқты тараппен келісім жасалып қойған кезде, оны қайта қарау өте күрделі болады. Құрылысты Алматыда емес, айталық, Отарда салуға болар еді. ол жерде патогенді материалдар сақталатын тап сондай нысан бар. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды. Айтпақшы, қазіргі ауыл шаруашылығы министрі әлгі нысанды Отарда салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Ал құрылыстың Алматыда салынатыны маған әкім ретінде, адам ретінде, алматылық ретінде ұнамайды", - деп мәлімдеді Алматы әкімі. Бұған дейін зертхана құрылысының 2010 жылдың 30 наурызында басталғаны мәлім болған еді. Нысанды салу жөнінде АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай өткен қабылдаудағы қоштасу сөзінде айтты. "Қазіргі уақытта біз Қазақстанмен Алматыда қауіпті биологиялық патогендер сақтауға арналған әлемдік деңгейдегі нысан құрылысы бойынша тығыз жұмыс істеп жатырмыз", - деп мәлімдеген еді қазіргі экс-елші. Ал Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының сол кездегі бастығы Еркін Дүрімбетов бұл ақпаратты жоққа шығарып, салынатын нысан қауіпті патогендер қоймасы емес, оба, тырысқақ, жамандат, аусыл сияқты жұқпалы аурулардың бактериологиялық деңгейін анықтайтын референс-зертхана екенін айтқан болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай референс-зертханалар АҚШ, Канада, Украина, Грузия елдерінде бар. Қазақстанда салынып жатқан нысанда медицина, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым саласы мамандары қазіргі технологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін болады. Сонымен бірге, мұнда аймақтардағы жұқпалы ауруларды зерттеумен айналысатын орталықтар мамандары даярлықтан өтіп, жаңа диагностикалық әдістемелерді жасаумен, штамдарды зерттеумен шұғылданбақ.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалада Қазақ карантиндік және зоонозды инфекция ұлттық ғылыми орталығы жанынан Орталық референс-зертхана салуды құптамайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.
"Құрылыс туралы шешім 2004 жылы қабылданыпты. Қазақстанның энергетика министрлігі мен АҚШ қорғаныс министрлігі арасында келісім жасалған. Сол кезде неге мұндай шешім қабылданғаны, құрылыстың неге Алматыда салынатыны маған әлі күнге дейін түсініксіз", - деді қала басшысы өткен сәрсенбіде Алматыда блогерлермен кездесу кезінде.
Ахметжан Есімов бұл жобаны жақтырмайтынын ашық айтты. "Ол зоонозды аурулар орталығы аумағында салынып жатыр, оған денсаулық сақтау министрлігі жетекшілік етеді. Соның аумағында салынып жатыр. Құрылысқа құрылыс жөніндегі агенттік рұқсат берген, яғни қаланың қатысы болмай қалды. Бұған әкімдік араласпады", - деді Есімов.
Дегенмен жергілікті билік аталған нысанға үлкен талап қойған: ол сейсмикалық жағдайда өте төзімді болуы керек, кәріз жүйесі өз аумағынан ешқайда аспауы тиіс. Басшы құрылысқа наразы болғанымен, мәселені қайта қараудың қиын екенін жасырмады. "Америка сияқты тараппен келісім жасалып қойған кезде, оны қайта қарау өте күрделі болады. Құрылысты Алматыда емес, айталық, Отарда салуға болар еді. ол жерде патогенді материалдар сақталатын тап сондай нысан бар. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды. Айтпақшы, қазіргі ауыл шаруашылығы министрі әлгі нысанды Отарда салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Ал құрылыстың Алматыда салынатыны маған әкім ретінде, адам ретінде, алматылық ретінде ұнамайды", - деп мәлімдеді Алматы әкімі.
Бұған дейін зертхана құрылысының 2010 жылдың 30 наурызында басталғаны мәлім болған еді. Нысанды салу жөнінде АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай өткен қабылдаудағы қоштасу сөзінде айтты. "Қазіргі уақытта біз Қазақстанмен Алматыда қауіпті биологиялық патогендер сақтауға арналған әлемдік деңгейдегі нысан құрылысы бойынша тығыз жұмыс істеп жатырмыз", - деп мәлімдеген еді қазіргі экс-елші.
Ал Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының сол кездегі бастығы Еркін Дүрімбетов бұл ақпаратты жоққа шығарып, салынатын нысан қауіпті патогендер қоймасы емес, оба, тырысқақ, жамандат, аусыл сияқты жұқпалы аурулардың бактериологиялық деңгейін анықтайтын референс-зертхана екенін айтқан болатын.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай референс-зертханалар АҚШ, Канада, Украина, Грузия елдерінде бар. Қазақстанда салынып жатқан нысанда медицина, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым саласы мамандары қазіргі технологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін болады. Сонымен бірге, мұнда аймақтардағы жұқпалы ауруларды зерттеумен айналысатын орталықтар мамандары даярлықтан өтіп, жаңа диагностикалық әдістемелерді жасаумен, штамдарды зерттеумен шұғылданбақ.