1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Есімов Президентке "Самұрық-Қазына" компанияларының IPO-сы туралы баяндады

"Самұрык-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті "Самұрык-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 
 
Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берілді және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жоспарлары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының компанияларын IPO-ға шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.