“Етікшілік – бір отбасын асырайтын кәсіп“: елорда тұрғыны JOLTAP жобасының пайдасы туралы ой бөлісті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Етікшілік – ескірмейтін кәсіп. JOLTAP жобасы елордалықтардың осы мамандықты тез әрі тегін меңгеруі үшін мүмкіндік ашып отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Етікшілік – ескірмейтін кәсіп. JOLTAP жобасы елордалықтардың осы мамандықты тез әрі тегін меңгеруі үшін мүмкіндік ашып отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған "Аяқ киім жөндеу және кілт жасау" курсының қатысушысы Дүйсен Досанов бұған дейін қарапайым етікші болып жұмыс істеген. Бүгінде ол біліктілігін одан әрі арттырып, аяқкиімді бояуды, кілт жасауды үйреніп жатыр, себебі болашақта жеке шеберханасын ашатын жоспары бар.

"Құрылыста жүргенде аяғымды жарақаттап алып, 1,5 жыл үйде болдым. Сол кезде қарап отырмайын деп осы іспен шұғылдандым. Білмегенімді етікшілікпен айналысатын досым мен нағашымнан, одан қалса YouTube арнасынан көріп үйрендім. Одан соң денсаулығым жақсарып, қайтадан жұмысқа орналастым. Дегенмен "болашақта шеберхана ашсам" деген ойым бар. Сол үшін білгенімді тереңдете түсуге ден қойдым. Курстан аяқкиімді бояу, кілт жасау сияқты жаңа нәрселерді үйреніп, сертификат алуды мақсат тұтып отырмын", - дейді Дүйсен Досанов.

Оның айтуынша, етікшілік – бір отбасын асырайтын кәсіп. Тек шеберхананы халықтың көп орналасқан орнынан ашқан жөн санайды.

"Өзім – көпбалалы әкемін. Үйде машинкам, қайрағым бар. Ешкімге жалынбай, балаларымның, туыстарымның аяқкиімдерінің жабыстырғыштарын, сырмаларын ауыстырамын. Қыста табандарына тайғанамайтын материал жапсырып беремін. Негізінен, қазіргі аяқкиімдердің сапасы нашар ғой. Аяқкиімін жөндетуге қымбат аяқкиім алғандар да жиі келеді. Мәселен, аяқкиім бояуды үйреніп алған соң, былғарыға түскен сызатты жабысқақ материалмен білдіртпей, су жаңа етіп шығарамыз. Құрылыста істейтіндер етігін тіктіруге әкеліп жатады. Бір сөзбен, ерінбей еңбек еткен етікші табыссыз қалмайды деп ойлаймын. Бір үйді асырайтындай нәпақа табады. Кәсіптің орайын тапса, одан да көп табыстарға қол жеткізуге болады", - дейді ол.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, өз шеберханаңа апарар төте жол – JOLTAP-тан басталады. Өйткені оқу мерзімі қолайлы – 12 күн, ал оқытушылар – өз ісінің шеберлері.

Табыс арттырып, отбасының бюджетін толықтырғысы келетін елордалықтар JOLTAP жобасы арқылы түрлі кәсіпті тегін үйрене алады. Бұл үшін қаладағы көрнекі жерлерде орналасқан "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктеріне келіп, кеңес алып, қажетті мамандықтар бойынша курстарға жазылуыңыз қажет.

Еске сала кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланатын болады.

Tengrinews
Астана қаласының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer