Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт ҚР Парламенті қарауына 2014 жылдың қыркүйегінде ұсынылады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингіде ҚР сыртқы істер министрлігінің Айырықша істер жөніндегі елшісі Асан Қожаков мәлімдеді. "2015 жылдың 1 қаңтары - Еуразиялық экономикалық одақтың, ондағы органдардың толыққанды іске кірісетін уақыты. Бізге ратификациялау процесін бастап кету үшін келісімшартты ҚР Парламентіне ұсыну қажет. Бұл процесс қыркүйек айында бастау алып, ол бір-екі ай уақытымызды алады деп ойлаймын" деді сыртқы саясат ведомствасының өкілі.

Ол Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің бірігуіндегі Еуразиялық экономикалық одақ қалай құрылып, қалай жұмыс істейтіндігін сипаттайтын келісімшарт мыңға жуық беттен, 28 бөлімнен, 118 бап және 33 қосымшадан тұратынын айтты. "Біз Парламентке есеп береміз, онда күрделі әрі қатты әңгімелер болады, келісімшарттың барлық бабы кеңінен талқыланып, жекелей зерттеледі" дейді Қожаков. Ол бұл ретте халық қалаулыларының, мемлекеттік органдардың, қоғам қайраткерлерінің, бизнесмендердің ұсынысы есепке алынатынын да айтты.
Сондай-ақ президенттердің тапсырмасына сәйкес, Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы келісімшартымен болатын жұмыс 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін аяғына жеткізілмекші. Ведомства жоспарында Қырғызстанның Кеден одағына қосылу шараларын әзірлеу жұмысы да бар. Еске сала кетелік, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 2014 жылдың 29 мамырында қол қойды. "Енді осы жаңа құжатты қарап, оны ратификациялау халық қалаулыларының мойынына жүктеледі. Біз қабылдаған шешімдерімізді сәйкестендіру үшін өз парламентімізге, депутаттарымызға сұрау салуға келістік. Келесі жылдың 1 қаңтарында біздің одақ толыққанды жұмысына кірісуі үшін" деп мәлімдеді қол қою рәсімінен соң ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев..