10 қаңтар 2021 14:00

Еуропалық бақылаушылар Алматыдағы сайлауға баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік жиналыстың (Парламент) депутаты, "Қазақстан - Венгрия" Достық тобының мүшесі, Қыпшақтар одағының президенті Шандор Ковач жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматыда сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік жиналыстың (Парламент) депутаты, "Қазақстан - Венгрия" Достық тобының мүшесі, Қыпшақтар одағының президенті Шандор Ковач жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматыда сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шандор Ковач Қазақстандағы сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті.

"Мен Қазақстанда шамамен 5 рет халықаралық бақылаушы болдым. Сондықтан Қазақстанда сайлаудың әрқашан жоғары деңгейде өтетінін, бұл жолы да солай өтіп жатқанын атап өтемін", - деді ол.

Оның айтуынша, биылғы сайлау ерекше, себебі ол қиын уақытта - пандемия кезінде өтіп жатыр.

"Біз сайлаудың дұрыс ұйымдастырылғанын байқадық. Мұнда кіру және шығу орындары бөлек, температураны тексеріліп, кіреберіс дезинфекцияланады. Осы тұрғыдан алғанда ұйымдастыру жоғары деңгейде. Пандемияға қарамастан сайлаушылар көп дауыс береді деп сенемін", - деді Шандор Ковач.

Халықаралық бақылаушының айтуынша, өткізіліп жатқан сайлауда өрескел бұзушылықтар болған жоқ. Учаскелік сайлау комиссиялары учаскелерді ұйымдастыруға өте жауапты келген.

"Қазір әлемдегі барлық жерде адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпараттар жиі кездеседі. Алайда мен Қазақстанда ешқандай бұзушылықтарды байқамадым", - деп атап өтті ол.

Өзінің сөзінде Шандор Ковач ҚР-дағы дауыс беру мен сайлау процесін жақсарту жөнінде ұсынымдарын айтты.

"Мен адамның өз еркін білдіруі өте маңызды деп ойлаймын. Адамдар неғұрлым көп дауыс берсе, нәтиже де жоғары болады. Әрине, бәрі ақпараттық науқанға байланысты, халық дауыс берудің маңызды екенін білуі тиіс. Әрқашан алға ұмтылған жөн, ол үшін озық технологияларды қолдану керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети