05 қазан 2021 13:46

Еуропалық Одақ делегациясы Тоқаевтың Ауғанстанға қатысты шешіміне баға берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаланы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаланы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимылдардың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясына еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты.

Имон Гилмор Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында байланыстарды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты байланыстарды дамытуда маңызды кезең болады.

Еуропалық Одақ делегациясы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі Миссиясының офисін Алматыға орналастыру және ауған студенттеріне көмек көрсету туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін ерекше атап өтіп, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты Қазақстан Президентінің аймақтағы көшбасшылығын қолдады.

Имон Гилмор мен Тери Хакала Президентке ертең Алматы қаласында өтетін "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" азаматтық форумына Брюссельдің атынан қатысатынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети