18 қыркүйек 2014 20:22

EXPO-2017 көрмесіне Ресей ауқымды түрде қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан EXPO-2017 көрмесіне Ресей ауқымды түрде қатысады деп күтеді, Tengrinews.kz бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Қазақстан EXPO-2017 көрмесіне Ресей ауқымды түрде қатысады деп күтеді, Tengrinews.kz бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

17-18 қыркүйек күндері EXPO-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясында жұмыс сапарымен болды. Комиссар РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Василий Небензямен, РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламановпен, РФ Туризм жөніндегі федералдық агенттігінің жетекшісі Олег Сафоновпен, Сочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің экс-президенті Дмитрий Чернышенкомен және "Сколково" инновациялық орталығының вице-президенті Александр Черновпен кездесті. Сонымен бірге, РФ Үкіметі жанындағы аймақ өкілдіктері басшыларына Астана EXPO-2017 халықаралық көрмесі жобасы таныстырылды.

"Көрмені ұйымдастырушылар Ресейдің ірі компаниялары мен ғылыми-технологиялық орталықтары көрмені өткізуге ауқымды түрде қатысады деп күтеді және оған бар жағдайды жасауға дайын. РФ ғылыми-инновациялық және технологиялық әлеуеті көрме қатысушыларының үлкен қызығушылығын туғызатын мазмұнды павильон жасауды шамалауға мүмкіндік береді", - делінген баспасөз парағында. 

Олег Сафоновпен және шекаралас аймақ өкілдіктері басшыларымен кездесуде Жошыбаев Қазақстандағы туризмді дамыту жөніндегі шаралар туралы айтып, EXPO-2017-ні туризмді дамытудағы "локомотив" деп атады. Тараптар туризм саласында, соның ішінде, шекаралас аймақтарда белсенді ынтымақтасуға уағдаласты. Кездесу соңында РФ Туризм жөніндегі федералдық агенттігінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы мен Ресей индустрия және туризм одағы арасында өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

EXPO-2017 комиссарының РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламановпен кездесуі барысында екі елдің салалық мемлекеттік органдарының өзара ынтымақтасуы мен Ресейдің EXPO-2017 көрмесіне қатысуы жөніндегі мәселелер талқыланды. Жошыбаевтың Чернышенкомен кездесуі барысында Ресей тарапы Сочи ойындарын өткізу тәжірибесімен, соның ішінде, инвестицияларды басқару, мердігер ұйымдармен әрекеттесу, ақпараттық-имидждік насихаттау, еріктілер жұмысын ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

ҚР Сыртқы істер министрлігі сапар барысында Ресейдегі шешуші әріптестердің EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын растағанын хабарлады. Тараптар көрме қарсаңында және оның барысында туристік әлеуетті өзара дамытуға уағдаласқан.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети