EXPO-2017 нысандарына виртуалдық саяхат жасаңыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 нысандарына виртуалдық саяхат жасаңыз

EXPO-2017 нысандарының проекциясының видеосы жария болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі "Астана ЭКСПО - 2017" ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 нысандарының проекциясының видеосы жария болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі "Астана ЭКСПО - 2017" ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

EXPO-2017 халықаралық көрмесінде Сфера сәулет символына айналады. Алып шар көрме кешенінің орталығында орналасады. Сфераның диаметрі - 80 метр, жер асты бөлігі бар сегіз қабатты ғимараттың жалпы ауданы шамамен 26 мың шаршы метр болады. Құрылыстың сыртқы қабаты әйнекпен қапталады. Алып шардың жоғарғы бөлігінде екі жел генераторы орнатылады. 

Медиа қабаттың көрменің "Болашақтың энергиясы" тақырыбын графикалық және видеосурет арқылы ашатыны айтылады. Сфераның ғимаратына музей, сонымен қатар "Қазақстан-Астана" павильоны орналасады. Бірінші қабатта тақырыптық маршрут ұйымдастырылады, қонақтар бұл бағытпен жүріп отырып, мемлекеттің даму тарихын көреді, әсем жерлері мен мәдени дәстүрі туралы мәлімет алады.

Бұл нысанның құрылысының 2016 жылдың соңында аяқталатыны айтылады.


Видеоны "Астана ЭКСПО - 2017" ҰК АҚ баспасөз қызметі ұсынды.

Еске салайық, бүгін, 2 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдаған болатын. Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети