28 ақпан 2019 13:02

"Эйр Астана" Делиге ұшатын рейстерді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы Алматы - Дели - Алматы бағыты бойынша Оман корольдігіне ұшып шығып, содан кейін Қазақстанға қайта оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 


"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы Алматы - Дели - Алматы бағыты бойынша Оман корольдігіне ұшып шығып, содан кейін Қазақстанға қайта оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

"27 ақпандағы КС 908 рейсі Дели-Алматы бағыты бойынша қазіргі уақытта ұшып кетті және Оман Королдігі астанасының Маскат әуежайына жанармай құю үшін барады, одан әрі ұшақ Алматыға ұшып шығады. Алматыда жергілікті уақыт бойынша 17.22-де келуі керек", - делінген парақшада. 

Әуекомпания өкілдері "Эйр Астананың" 28 ақпанға дейін жоспарланған Делиге ұшатын рейстердің барлығы 2019 жылдың 1 наурызына дейін Пәкістанның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Эйр Астананың" колл-орталығы шұғыл түрде тоқтатылған рейстердің барлық жолаушыларын тасымалдаудың ықтимал нұсқаларын, соның ішінде форс-мажорлық жағдайларды реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа тасымалдаушылардың қызметтері арқылы қарастырып жатыр", - деді "Эйр Астана" өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Пәкістанның Үндістан әскерінің екі ұшағын құлатқаны жайлы хабарланған болатын. Пәкістан әскері Үндістан әскери-әуе күштерінің екі ұшқышын тұтқындап, сәрсенбі күні таңғы уақытта елдің әуе кеңістігі ережесін бұзды деген айыппен олардың ұшақтарын атып түсірген еді. Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети