20 қазан 2021 09:25

Фейк: "Қазақстанда балаларды вакциналауды ауылдық округтерден бастайды"

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

stopfake.kz stopfake.kz

Қазнет қолданушылары елімізде балаларды КВИ-ға қарсы вакциналауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакциналау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакциналау жоспары да жоқ. Балаларды вакциналау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі болса ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандықтар балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналауға байланысты фейктерді бұған дейін де таратқан. Олар вакциналарды балаларға мектеп асханаларында сүт өнімдеріне қосып береді деп жазған болатын. Кейіннен балаларға препаратты мұрынға арналған спрей түрінде егетіні, сондай-ақ иммундауға арналған препараттарды манту сынамасы түрінде салатыны жайлы фейктер таратқан. Бұл ретте жалған ақпараттың авторлары ата-аналарды балаларды вакциналаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызады деп қорқытқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети