11 тамыз 2022 10:01

Форт-Шевченко тұрғындары қоқысқа толы жағажайға шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Форт-Шевченко тұрғындарынан Фото: Форт-Шевченко тұрғындарынан

Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласы маңындағы жағажай қоқыс алаңына айналған. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласы маңындағы жағажай қоқыс алаңына айналған. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Әңгіме теңіз порты орналасқан Аташ ауылындағы жағалау аймағы туралы болып отыр. Жағажайда демалушылардың айтуынша, бүкіл жергілікті жағалау қоқысқа толы.

"Бұл жерге алғаш рет келген туристер шошып кететін шығар", - дейді Форт-Шевченко қаласының тұрғыны.

Бұнда көзге түсетін нәрселер - қайықтарға пайдаланылған мотор майы ыдыстары. Сондай-ақ, барлық жерде пластик канистрлер шашылып жатыр.

Сонымен қатар, әйнек сынықтары шашылып жатқан қауіпті аймақтар да бар. Ал судан полиэтилен пакеттерді көруге болады.

Суреттер: Форт-Шевченко/lada.kz

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қоқыс шығаруды нашар ұйымдастырғаны және қалаға санитарлық тазарту жұмыстары нашар жүргізілгені үшін сөгіс жарияланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети