10 маусым 2021 18:33

Фото: қазақстандықтар сирек кездесетін күн тұтылуын тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар бүгін, 10 маусымда сирек кездесетін күн тұтылуын тамашалап жатыр. Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Нұр-Сұлтанда күн қалай тұтылғанын суретке түсірді. 


Қазақстандықтар бүгін, 10 маусымда сирек кездесетін күн тұтылуын тамашалап жатыр. Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Нұр-Сұлтанда күн қалай тұтылғанын суретке түсірді. 

Қазақстан астанасында күн шамамен 17.44-те тұтыла бастады, 18.10-да шарықтау шегіне жетті, енді шамамен 19.02-де аяқталады.

Сирек кездесетін табиғи құбылыс елордада жақсы көрінді. Тұрғындар күннің 30 пайызы жабылғанын бақылай алды.

Алматыда ол 17 сағат 43 минутта басталып, 18 сағат 26 минутта шегіне жетті және 19 сағат 5 минутта аяқталады. Мұнда күн 18 пайызға жабылды.

Күннің тұтылуын ең ұзақ уақыт бақылаған солтүстік өңір тұрғындары. Павлодарда, Петропавлда, Өскеменде және Семейде тұтылу 37 пайызға көрінген.

Фесенков атындағы Астрофизика Институтының жұлдыздар мен тұмандар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова биыл барлығы төрт тұтылу болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети