19 наурыз 2023 17:17

Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы ӨКҚ Фото: Алматы ӨКҚ

Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда сайлау барысын бірқатар халықаралық байқаушылар бақылап жатыр. Олардың арасында Франциядан келген сарапшылар да дауыс беру барысын бақылады.

Франция Республикасы Сенатының депутаты, "Франция – Орталық Азия" достық тобының төрағасы Эрве Морэнің айтуынша, Қазақстандағы сайлау процесі ашық және барлық демократиялық принциптерге сәйкес өтіп жатыр.

Бақылаушылар таңертең 4 сайлау учаскесінде болып үлгерді, олар қандай да бір заң бұзушылықтарды байқамады.

"Жалпы, таңертең әртүрлі сайлау учаскелерінде барлық қажетті құрал-жабдықтардың бар екенін байқадым деп айта аламын. Яғни, тізімге тіркелген сайлаушыларға сайлау бюллетені беріледі, ол мөрленген жәшікке тасталады", - деп атап өтті халықаралық сарапшы.

Жоғарыла айтылғандарға Франция Республикасы Сенатының депутаты, "Франция – Орталық Азия" достық тобының мүшесі Арно де Бельнэ де қосылды.

"Дауыс берушілердің жүздері күлімдеп, ашық-жарқын жүр, қосымша айта кететін болсам, Францияда шетелдік бақылаушыларға мұндай ашықтық пен жанашырлық жоқ. Физикалық құрылымы жағынан бәрі ұқсас, мен өзім үшін әртүрлі партияларды таныстыратын бақылаушылардың тұрақты түрде болғанын байқадым, бұл - ашықтық көрсеткіші. Әрбір партия бұл процесті мүмкіндігінше бақылайды", - деп толықтырды ол.

Сарапшылар Алматыда әлі де бірнеше сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети