Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

30 Шілде, 16:09
0
Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды", - делінген Жарлықта

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында дүниеге келген

1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлектетік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы. Екі баласы бар.. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

2018 жылы 20 маусымда Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай