19 тамыз 2014 | 16:48

Ғалымдар Ұлытауда жаңа туристік нысандарды іздеп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Сәулет Сәкенов ©Сәулет Сәкенов

Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының Ұлытаудағы экспедициясы тарихи маңызы бар және табиғи көркі бар нысандарды аралай отырып, ол жерлерді туристік аймаққа айналдыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының Ұлытаудағы экспедициясы тарихи маңызы бар және табиғи көркі бар нысандарды аралай отырып, ол жерлерді туристік аймаққа айналдыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Ұлытауда ерте заманнан қалған жәдігерлер бар. Солардың бірі – тасқа салынған суреттер. Қола, ерте темір дәуірі және ортағасырлық таңбаларды қамтитын толық суреттер кешені Байқоңыр ауылының оңтүстігіне қарай екі шақырым жерде орналасқан. Суреттер өзен жағалай 20 шақырымға дейін салынған. Көбіне аңдар мен малдар, күнбасты адамдар мен арба бейнелері, аң аулау сәттерінің көріністері қашалған.

Байқоңырдан бөлек, Ұлытаудың солтүстік баурайында Сарлық ауылынан 37 шақырым қашықтықта орын тепкен Тамды өзенінің бойында да сол кезеңдерді қамтитын таңбалы суреттер тобы сақталған. Көбіне жануарларды аулау сәттерінің көріністері, адамдардың аңға шығып жатқан бейнелері кездеседі. Айрықша көзге түсетін тобы Тасөткел бойында, ал қалғандары Байтілеу деген жерге шоғырланған.

Экспедиция құрамындағы су ресурстарын зерттеуші маман бұл өңірлердің суы тартылып, азайып бара жатқанын айтады. Қыста қар өте аз түсетіндіктен өзен арналары құрғап қалады. Жергілікті су көздерінің 50%-ы ішуге жарамсыз.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық география қоғамының Ұлытауға арналған экспедициясы 22 тамызға дейін созылады. Оның мақсаты - осы аймақтың мәдени-тарихи мұрасын насихаттап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету. Экспедиция мүшелері туристер үшін бағыт сызып, осы сапар туралы деректі фильм түсірмекші.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети