08 мамыр 2019 16:18

Ғалымжан Мелдешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Мелдешов. © Еуразия Бірінші арнасы Ғалымжан Мелдешов. © Еуразия Бірінші арнасы

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Ғалымжан Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: "Түркістан" халықаралық газетінде, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Маңғыстау Медиа" ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016-2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети