18 наурыз 2021 15:50

"Ғарышкер немесе браконьер": Тоқтар Әубәкіров айыптауларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Әубәкіров. Видеодан алынған Тоқтар Әубәкіров. Видеодан алынған

Тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке браконьерлік әрекеті және өз мәртебесін асыра пайдаланды деген айыптар тағылды. Өткен демалыс күндерін ол Қостанай облысының Торғай ауылында болған. Тоқтар Әубәкіров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатта айыптауларға жауап берді, не үшін табиғатқа шыққанын және неге қару алып жүргенін айтты.


Тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке браконьерлік әрекеті және өз мәртебесін асыра пайдаланды деген айыптар тағылды. Өткен демалыс күндерін ол Қостанай облысының Торғай ауылында болған. Тоқтар Әубәкіров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатта айыптауларға жауап берді, не үшін табиғатқа шыққанын және неге қару алып жүргенін айтты.

Жеке кәсіпкер Батыр Сейкенов қазақстандық тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровты браконьерлік жасады деп айыптады. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жариялады.

"Тоқтар Әубәкіров: Ғарышкер ме, әлде браконьер ме? Шенеуніктер тіпті жексенбіде де ұйықтамайды. 9.00-де маған Қостанай облысынан шенеунік хабарласты. Ол еліміздің ұлы ғарышкері аңшылыққа шыққысы келетінін айтты. Мен "жоқ, ол аң ауламайды" дедім", - деп жазады ол.

Батыр Сейкенов аң аулау маусымы 15 ақпанда аяқталғанын және популяцияны қалпына келтіру үшін 2 жылға қасқыр аулауға тыйым салынғанын түсіндіреді. Айтуынша, Тоқтар Әубәкіров "өз жолдастарымен" "Алтын дала" резерватының аумағына тұрақтап, ештеңеге қарамастан аң аулаған.

Tengrinews.kz тілшісі Тоқтар Әубәкіровпен байланысып, оның айыптауға көзқарасын сұрады. Ол шынымен 14 наурызда қорықтың жанындағы ауылға барғанын, бірақ аң аулау үшін емес екенін айтты.

"Менің жасым 75-те, Қостанай облысының Торғай ауылына бала кезімде уақыт өткізген жерлерді көру үшін келдім. Соңғы жылы коронавирусқа байланысты үйде отырдым. Ешқайда шықпай отырсаң жағдай қиын, қысып жібереді. Менің көптеген досым осы аурудан қайтыс болды. Торғайға ұлыммен бардым, ол барғысы келмеген, бірақ одан менімен ертіп жүруін өтіндім, себебі Торғайдың табиғатын өте жақсы көремін", - дейді бірінші ғарышкер.

Тоқтар Әубәкіров қорық аумағына кірмегенін және қарусыз келгенін, өзімен бірге шағын пышақ болғанын айтты.

"Далада ауыл аяқталып, аң аулау басталатын нақты шекара жоқ. Бірақ аң аулау ойымда да болған жоқ. Ауылға бардым. Алдымен аудан әкіміне барып, ұлым екеуміз қарусыз екенімізді айттық. Осы уақытта біраз адам күтіп отырған. Олар Батыр Сейкеновты таныйтын болса керек. Олар "Неге қарусыз келдіңіз?" дегенге, мен қазір аң аулауға болмайтынын айттым. Тек табиғатты тамашалауға барғанмын. Олар сенбеген сияқты. Кешкі ас үстінде тағы да келді. Бізде қару-жарақ жоқ екеніне сенбеген тәрізді.

Олар табиғатқа қарусыз шығатыныма таңғалды. Менің қорқатын түгім жоқ. Қасқырлар көлік дауысын есітігенде шабуылдамайды, жабайы қабандар да. Мен ол жерде екі күн болдым. Сәрсенбіде Нұр-Сұлтанға қайтып келдім", - деді ол.

Сонымен қатар, еліміздің тұңғыш ғарышкері аң аулауды жақсы көретінін және Батыр Сейкеновпен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Тоқтар Әубәкіров мұндай жазбаны неге жариялағанын түсінбейтінін айтты. Бірақ ескі танысын сотқа бергісі келмейді.

"Менің оған көзқарасым әлі де жақсы. Не болғанын немесе оны кім жазуын сұрағанын түсінбедім. Адамдарда әдептілік неге жоғалатынын түсінбеймін. Осы күнге дейін ешкімді соттамадым және өтірік айтпадым. Бұл менің мінезіме қайшы келеді", - деп қорытындылады Тоқтар Әубәкіров.

Ал Батыр Сейкенов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Тоқтар Әубәкіровті қарумен көрмегенін мойындады.

"Қару болды деп айта алмаймын. Себебі өз көзіммен көрген жоқпын. Бірақ Нұр-Сұлтаннан 1000 шақырым жерде қарусыз жүруге бола ма? Мен қазір ол жерде аң аулауға тыйым салынғанын, "Алтын дала" резерватының жанында жүруге тыйым салынғанын ескерттім. Өйткені бұл - қорық. Бірақ ол мені тыңдамай қорық аумағына кірді.

Қарда жүретін көлік жанурларда үрей туғызады. Олар қалың қарда қашып құтыла алмайды. Қазір жануарлар төлдейтін кезең. Ал резерват - түрлі жануар қорғалатын аумақ", - деді ол.

Батыр Сейкенов 3 миллион гектар аумақта аң аулауға рұқсат етілген уақытта және жануарлардың белгілі бір түріне ғана болатынын айтап өтті.

Оқиғаға қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де түсінік берді. Тоқтар Әубәкіров 2021 жылы қасқыр аулауға үш рет өтініш бергені белгілі болды, бірақ рұқсат берілмеген.

"Браконьерлік деректер туралы хабар түскеннен кейін резерватта мобильді топ құрылды, олар рейд жүргізеді. Қазіргі уақытта бөтен адамдарды ешкім байқамағаны белгілі, бірақ резерват аумағында көлік іздері бар. 

Рейд іс-шаралар жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Тоқтар Әубәкіров - тұңғыш қазақстандық ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети