14 ақпан 2020 17:57

Газбен жүретін автокөліктерге қандай белгі қойылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер газбен жүретін автокөліктерге арналған арнайы белгілердің жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер газбен жүретін автокөліктерге арналған арнайы белгілердің жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екі белгінің сызбасы дайындалды. Біріншісі - автомобильдің жел әйнегінде тұрады, ол көліктің газ балондарымен жабдықталғанын білдереді. Оны Әкімшілік полиция комитетіне жібердік, жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар дайындалып жатыр. Техникалық төлқұжатта бұл жазылған. Тек белгі қою қалды.

Келесі мәселе - паркингтерге орнатылатын, кіруге тыйым салатын белгі. Бүгінде біз Техникалық реттеу және метрология комитетімен жұмыс істеп жатырмыз, эскиздерді жібердік", - деді Беккер ОКҚ брифингінде.

Беккер белгілердің әлі бекітілмегенін атап өтті.

"Сызбалар - белгілердің жобасы. Біз оларды енгізеді деп болжап отырмыз. Алайда әлі бекітілген жоқ. Бұл біздің ұсынысымыз", - деді Беккер.

Беккер белгілерді 2020 жылдың бірінші жартысында бекіту жоспарланғанын атап өтті.

Еске салайық, 2019 жылдың 29 желтоқсанынан бастап газ баллонымен жабдықталған автомобильдерге қауіпсіздік үшін жабық тұрақтарға кіруге тыйым салынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети