03 сәуір 2023 12:01

Генерал Күдебаевтың шетелге қашуының мән-жайы белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облыстық сотында Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың шетелге қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облыстық сотында Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың шетелге қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, Күдебаев үкім жарияланғанға дейін соңғы сөзін айтуы тиіс сот отырысына сырқатына байланысты келмеген. Адвокаттар оның ауруханаға түскені туралы анықтама берген. Нәтижесінде тыңдаулар кейінге шегерілген. Ал бұл кезде Күдебаев үйқамақта болған.

"Сот 2023 жылғы 30 наурызда С.Құдебаевты 3 сәуірге сағат 10:00-ге жеткізу туралы қаулы шығарды. Бұйрықты орындау кезінде прокурор С.Құдебаевтың елден кеткені туралы мәлімдеді. Прокурордың өтініші негізінде судья сотталушы С.Құдебаевты халықаралық іздестіруге жариялау және бұлтартпау шарасын "қамауда ұстауға" өзгерту туралы қаулы шығарды, - делінген хабарламада.

Сот 23 наурызда Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети