1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Германияда балаларға қателесіп басқа вакцина салынған 20 желтоқсан 2021, 18:05

Германиядағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда бірнеше балаға қателесіп COVID-19-ға қарсы Moderna вакцинасы салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Германиядағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда бірнеше балаға қателесіп COVID-19-ға қарсы Moderna вакцинасы салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жергілікті билік бұл оқиғаны мәлім етіп, балалардың ата-анасына хабарлаған. Оқиға туралы полицияға да хабарланған.

Сондай-ақ, вакцинация орталығы қызметкерлерінің қателігінен кейін балаларды вакциналау процесін билік өкілдері мұқият тексеретінін айтты. Округ шенеуніктері еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA), ЕО-дағы дәрі-дәрмектерді реттеуші, балаларға арналған Moderna вакцинацияларын мақұлдау туралы өтініш бергенін айтып, жанама әсерлер туралы алаңдаушылықты жоюға тырысты.

Айта кетейік, Германия осы айдан бастап 5 жастан асқан балаларды егуді бастады, EMA 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған BioNTech-Pfizer вакцинасын мақұлдады. Moderna вакцинасы 12 жастан асқан балаларға ғана мақұлданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram