Гонконгтағы ереуіл кезінде қазақстандық отбасының басы дауға қалды

15 Тамыз, 09:32
0
Гонконгтағы ереуіл кезінде қазақстандық отбасының басы дауға қалды -

Гонконг әуежайындағы ереуіл кезінде қазақстандық отбасының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны Әнуар Ысқақов әйелі Айнатпен және үш баласымен бірге шілденің соңында Гонконгқа демалуға кеткен. Сол жақтан әрі қарай он күнге Жапонияға барған. Ал 9 тамызда Гонконгқа оралып, Натан-роуд қаласындағы кішігірім жалдамалы пәтерге барып түнеген. Бірақ сол түні оларға полицейлер келген.

Қазақстандық отбасы саяхаттарын жалғастырып, 12 тамызда Әбу-Дабиге ұшып кетпекші болған, бірақ Гонконг әуежайында болған наразылық шарасы нәтижесінде олардың жоспары өзгерген.

Ысқақовтар Натан-роудта жалға алған пәтердің иесі бірінші күннен бастап түнгі уақытта далаға шықпау керектігін ескерткенін айтады. Әйелдің айтуынша, түнгі уақытта қалада полицейлер мен тұрғындар арасында қақтығыстар болып тұрады.

Қазақстандықтар күндізгі уақытта полицейлердің наразылық шарасына шыққандарды таратып жатқандарын, тіпті атыстың болғанын көргенін айтады. Сондықтан олар қаланы дұрыс аралай алмаған да екен. Осылайша 12 тамызда қазақстандық отбасы әуежайға келіп, қара түсті киім мен бетперде киген, плакатпен жүрген бір топ жастарды көрген. Полицейлер олардың барлығын таратпақшы болған.

Бірақ, Әнуардың айтуынша, ешкім олардың мазаларын алған жоқ. Керісінше оларға көмек көрсетіп, екінші терминалға жеткізген. Нәтижесінде қазақстандықтар Әбу-Дабиге ұшып кеткен.


© Facebook.com

Қазақстандық жағдайдың ушықпай, барлығы жақсы аяқталғанына қуанышты екенін айтады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай