Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Google байқауының алматылық жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды 18 ақпан 2019, 16:39

Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды. Оның еңбектерін Google лайықты деңгейде бағалаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Еркебұлан Бердібеков Еркебұлан Бердібеков

Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды. Оның еңбектерін Google лайықты деңгейде бағалаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Туыстарының айтуынша, ол 12 ақпанда қайтыс болған. Жігіт алматылық ауруханада аурудан көз жұмған. Оның жасы 30-да болған. 

Еркебұлан Бердібеков - Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі. Ол машинамен оқыту мәселелерін зерттеумен айналысқан. 2017 жылы қарашада ол Google Brain өткізген Kaggle-дегі DataScience нейрон желілер бойынша зерттеу жарысының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық нейрожелілер бойынша Google байқауында үздіктердің бірі атанды.

Айта кетейік, Google Brain - Google зерттеу жобасы. Онда компьютерлік оқыту саласындағы ашық зерттеулер мен Google ауқымындағы есептеуіш қуаттармен үйлеседі.


Join Telegram