1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы алматылыққа халықаралық іздеу жарияланды27 қыркүйек 2020, 09:51

13 жастағы қазақстандық Илья Пилпаниге халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы баланың анасы Ксения Пилпани айтты, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Алматылық жасөспірім екі айдан астам уақыт іздеуде. Қыста ол Грузияға әкесінің туыстарына қонаққа келген, бірақ карантинге байланысты бірнеше айға қалып қойған. 18 шілдеде Илья Пилпани велосипед тебуге Ленджери ауылына барып, қайта оралмаған. Келесі күні, 19 шілдеде баланың туыстары полицияға жүгінді.

"Біз ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Борцвадземен кездескенде, Ильяға халықаралық іздеу жариялауды сұрадық. Келесі күні біздің өтінішіміз орындалғаны белгілі болды - Интерпол баланы іздестіріп жатыр", - деді Ксения Пилпани.

Дерек бойынша "Кәмелетке толмаған баланың бас бостандығын заңсыз айыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пилпанинің айтуынша, жұбайына жәбірленуші мәртебесі берілген, демек, қазір отбасы барлық тергеу материалдарына қол жеткізе алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда күн суытады