Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Гүлнәр тур" басшылығына мемлекетаралық іздеу жарияланды

20 Қараша 2014, 11:49
0
©kapital.kz
©kapital.kz

"Гүлнәр тур" туристік фирмасының құрылтайшылары мен бас директорына мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Туристік компанияның алаяқтық жасағаны белгілі - жүздеген турист агенттіктің кінәсінен демалысқа бара алмай қалған болатын. 

ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, бұл іс бойынша 240 азамат пен 30 заңды тұлға өтіп жатыр. "Бұл - "Гүлнәр тур" фирмасынан туристік жолдама сатып алған азаматтар. Қазір фирма басшылығына мемлекетаралық іздеу жарияланды", - дейді министрлік өкілдері. Бұған дейін "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Тамыз айының соңында "Гүлнәр тур" лицензиясынан айырылды. Ұлттық кәсіпкерлік палатасының мәліметінше, фирма директоры Әли Исмаилов жалған құжатпен шетел асып кетуі мүмкін. 

Еске сала кетейік, туристік компанияның әрекетінен миллиондаған шығын келіп отыр. Бір ғана "Инвест Авиа" әуе компаниясының өзіне турфирма 147 миллион теңге қарыз. Сонымен бірге, қазақстандық 12 мың отбасы компания келтірген материалдық шығынды қайтаруды талап етіп отыр. Тұтынушылардың шағымында талап етілген ең төменгі шығын көлемі - 600 мың теңге. "Гүлнәр тур" төңірегіндегі дау-дамайдың осы жылдың жазында басталғанын еске сала кету керек. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай