21 шілде 2016 15:42

Хакерлер "Алматы жылу желісінің" атынан тұрғындарға былапыт сөз жазылған хат жолдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хакерлер Алматы жылу желісінің атынан тұрғындарға былапыт сөз жазылған хат жолдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Хакерлер Алматы жылу желісінің атынан тұрғындарға былапыт сөз жазылған хат жолдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы жылыту желілері" ЖШС бұрынғы басшысы Дәурен Әлімбеков Facebook желісіндегі парақшасында жылу энергиясы үшін қарызы туралы келіп түскен хабарландырудың суретін жүктеді. Қазақ тілінде жазылған хатта былапыт сөздер жазылған. "Қазақша түсінбейтіндерге: неміс сантехниктері туралы фильмді көз алдарыңызға елестетіңіздер. Егер қарызды төлемесеңіз осындай қылайын деп тұр бұлар", - деп жазды Әлімбеков. Оның айтуынша, мұндай хабарландырулар қала тұрғындарының жартысына келген.


© Facebook / Dauren Alimbek

"Алматы жылу желісі" ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина жария болған құжатқа қатысты түсінік берді. Ол серверге біреулердің бұзып кіргенін айтты. "Біздің серверге бұзып кірген, бірақ біздің қызметкерлер мұны білмей, осы құжатты мәтіні дұрыс екен деп басып шығарған. Қазіргі уақытта компьютерлерді сөндірдік, хакерлік шабуылдар болды. Өкінішке қарай, бір ғана файлға шабуыл жасалмапты. Қазір сайтта осы хабарландыру үшін кешірім сұрадық. Біз міндетті түрде жаңа құжат жібереміз", - деді Инкина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети