27 ақпан 2024 14:30

"Халық әкім болуымды сұрайды": Жетісуда Желідегі видеодан кейін блогер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Жетісу облысында ауыл әкімі креслосында отырып видео түсірген блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысында ауыл әкімі креслосында отырып видео түсірген блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Талдықорған қаласының әкімшілік сотында қаралды. Бұған дейін Желіде блогердің әкім кабинетінен эфирге шыққан видеосы пайда болды.

"Халық әкім болуымды сұрайды. Болғым келмейді. Дос ретінде орнына отырып, тапсырма беріп, ақылды сөздер айтып бере аламын. Бірақ тұрақты түрде болғым келмейді... Президенттен күрделі тапсырмалар келгенде, ол маған хабарласады. Өзімнің жеке жұмыстарымның бәрін тастап, осында келуіме тура келеді... Қашан демаламын - демалатын уақыт жоқ", - дейді блогер.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, видеоның 20 ақпанда сағат 18:00 шамасында Қарабұлақ ауылында түсірілгені анықталды. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің қызметтік кабинетінде болған тұрғын видео түсіріп, Instagram-ға жариялаған.

"Құқық бұзу - ұсақ бұзақылық - полиция инспекторының баянаты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, іс жүргізуге қатысушылардың жазбаша және ауызша түсіндірмелері арқылы расталады. Сот отырысында ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәні мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады. Сот Г.-ға қатысты әкімшілік жазаны тағайындау кезінде кінәсін мойындау мен жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, 20 АЕК (73 мың 840 теңге – еск.) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартты", - облыстық Жетісу сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети