Халықаралық әуе рейстерінің жұмысы жандана ма? Есмағамбетованың жауабы 08 маусым 2020, 18:19

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде халықаралық әуе тасымалының жұмысын жандандыру мәселесі әлі қаралмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ол 6 маусым күні шыққан қаулыдағы халықаралық әуе рейстерінің жұмысына қатысты түсінік берді.
"Кеше қаулы негізінде қосымша жеңілдіктер енгіздік. Яғни анықтаманың күші әлі жойылмайды. Анықтамасы болмаған азаматтар тиісті зерттеулерді жүргізу үшін 2 аптаға карантинге жатқызылады. Алайда егер тест теріс нәтиже көрсетсе, олар карантинге жатқызылмайды. Адамдар қолхатқа қол қойған соң, жадынама беріледі. Онда коронавирустың белгілері жазылған. Бұл қазақстандықтармен ұшып келген әуе рейстеріне байланысты", - дейді бас санитар дәрігер.
Оның айтуынша, қазіргі таңда халықаралық әуе тасымалының жұмысын жандандыру мәселесі сөз болып тұрған жоқ.