24 мамыр 2017 | 13:29

Халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы қызметкерлері Мелдешовтің тарапынан қысымның болмағанын айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ мен Бас прокуратураға келіп түскен ұжымдық шағымда есімдері көрсетілген Халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы қызметкерлері орталық президенті Жанболат Мелдешовтің тарапынан қысымның болмағанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР БҒМ мен Бас прокуратураға келіп түскен ұжымдық шағымда есімдері көрсетілген Халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы қызметкерлері орталық президенті Жанболат Мелдешовтің тарапынан қысымның болмағанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұжымдық шағымда Орталық қызметкерлерінің негізсіз жұмыстан қуылуы жайлы айтылған болатын. Олардың айтуынша, 4-5 жыл еңбек өтілі бар орталық қызметкерлері өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болған.

"Ұжымдық шағым жайлы БАҚ-тардан білдім, онда аты-жөнімді көріп қалдым. Шағымда мені компаниядан кетуге мәжбүрлегені айтылады. Бірақ бұл өтірік. Мен орталықта үш ай жұмыс істедім, жоба жасадым. Ал кейін өзімнің жекеменшік стартапыммен айналысамен деп кеттім. Басшылық тарапынан ешқандай да қысым болған жоқ, керісінше, менің қызмет бабымды жоғарылатпақ болды. Мен бұл қызметімнен биыл қаңтар айында кеттім", - дейді орталықтың бұрынғы қызметкері Ілияс Тілеубергенов.

Оның айтуынша, ұжымдық шағым жазылған кезде ешкім онымен байланысқа шығып, оның аты-жөнін көрсетуге рұқсат сұрамаған. Сондай-ақ, ол бұл түсініктемесін қызметтік тексеріс жүргізіп жатқандарға растап бере алатынын айтты.

Еске сала кетейік, кеше "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша шеттетілген болатын.

Осыған дейін БАҚ-тарда Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға және ҚР Білім және ғылым министрлігіне өздерінің басшысы Жанболат Мелдешовтің үстінен шағымданғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Бес парақ шағым жазған орталықтың бұрынғы және қазіргі қызметкерлері орталық басшысының өзіне ұнамайтын қызметкерлерін жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жүргенін және ол орындарды өзінің адамдарына босатып беруге мәжбүрлеп жатыр. Сондай-ақ, шағымда орталық басшылығы тарапынан кеткен бірнеше заңбұзушылық анықталды.

Кейін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді. 

"Біз ішкі тергеу жұмыстарын бірнеше рет жүргіздік, мұндай деректер анықталмады. Өтініш жазатын болсаңыздар, менің атыма жазыңыздар, сонда біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Бірақ БАҚ арқылы хабарлаған екенсіздер, біз енді тексеріс жүргізіп, сіздерге баяндаймыз", - деген еді Сағадиев.

Ұжымдық шағымға 25 адамның қол қойғаны айтылады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жиындардың бірінде түсірілген видеоны көрсеткен. Онда болжам бойынша, басшылардың бірі "Болашақ" түлектеріне тіл тигізіп жатады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети