08 маусым 2023 | 10:48

Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастығымыз жалғасады -Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото aqorda_resmi Фото aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.

"Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық", – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Кристалина Георгиева Астана халықаралық форумына шақырту алғаны үшін алғыс айтты.

"Әлемдік экономикада белгісіздік белең алған шақта Астана халықаралық форумына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Әлемдегі бағыт-бағдарымызды айқындау үшін осындай диалог алаңдарының болуы өте маңызды. Ең алдымен, Сіздің еліңізде болған ауқымды өзгерістерді айрықша атап өткім келеді", – деді ХВҚ басшысы.

Кездесу барысында Президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети