Халыққа несие тықпалауды қою қажет - депутаттық сауал

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото "Аиф" сайтынан Фото "Аиф" сайтынан

Бүгінде қарапайым азаматтарға несие тықпалап жатқан сан алуан сауда орталықтарының әрекетіне тыйым салу қажет. Себебі несиеге өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың жалпы қарызы жыл өткен сайын артып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Кузьминнің Премьер-министр С.Ахметовке жолдаған депутаттық сауалына сілтеме жасап. Н.Кузьминнің мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары екінші деңгейлі банктерден несие алған Қазақстан халқының жалпы қарызы 2,2 трлн. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын өсіп келеді. Мәселен, өткен жылы тұтынушы несиелерінің көлемі 701 млрд. теңгеге артқан. Депутаттың ойынша, бұған, көп жағдайда, ірі сауда орталықтары итермелейді. Олар өз өнімдерін өткізу үшін несиеге тауардың түр-түрін үйіп-төгіп бере салады. "Алайда олай өмір сүруге болмайды. Бүгінде мерзімі өтіп кеткен қарыздардың уақыты 90 күннен асты. Өткен жылы ондай берешегі бар азаматтардың саны 15,3 пайызға өсті. Демек, бізде несиені төлей алмай жатқан халықтың саны артып келеді. Оның арты қоғам ішіндегі көптеген әлеуметтік толқуларға әкеп соқтыруы әбден мүмкін", - дейді Н.Кузьмин. Осы орайда ол несиеге өмір сүретін Батыс Еуропа және басқа да дамыған мемлекеттердің жағымсыз тәжірибесін мысалға келтіріп, 2007-2008 жылдары қаржылай дағдарысқа тап болған қазақстандық банктердің қандай жағдайда болғанын тағы бір мәрте еске түсірді. "Бұның бәрін ескере отырып, 2011-2013 жылдары екінші деңгейлі банктерден тұтынушы несиелерін беру және оны қайтару мәселесін тыңғылықты зерделеп шығуды сұраймын", - дейді өзінің депутаттық сауалында Н.Кузьмин.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro