“Хавала“: Қазақстанда ерекше схема әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Хавала“: Қазақстанда ерекше схема әшкере болды Бейнеден алынған кадр

Қазақстанда таңбаланбаған темекі өнімдерін заңсыз әкелу және өткізумен айналысқан трансұлттық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Есеп айырысу үшін схемаға қатысушылар "Хавала" атты бейресми ақша аудару жүйесін пайдаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.


Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Жамбыл облысының тұрғыны Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырып, оларды өзіне бағынысты тұлғалар арқылы өткізген. Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылып, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына жөнелтілген.

Тергеу барысында 30-дан аса тінту жүргізілген. Заңсыз айналымнан жалпы құны 293 миллион теңге болатын таңбалаусыз 319 мыңнан аса қорап темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 миллион теңге болған.

"Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған. Қаржы ағындарын жасыру мақсатында қылмысқа қатысушылар банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми "Хавала" есеп айырысу жүйесін пайдаланған", - деп мәлімдеді ҚМА.

Анықтама:"Хавала" — шамамен VIII–IX ғасырларда Таяу Шығыс пен Азияда пайда болған ең көне ақша аудару жүйелерінің бірі. Ол сенімге негізделген делдалдар желісі арқылы жұмыс істейді: жіберуші ақшаны бір делдалға береді, ал екінші делдал басқа елдегі алушыға дәл сондай соманы табыстайды. Бұл ретте ақшаның өзі әдетте шекара арқылы қозғалмайды, ал делдалдар арасындағы есеп айырысу кейінірек жүргізіледі. Бастапқыда бұл жүйені көпестер қауіпсіз сауда жасау үшін пайдаланған болса, бүгінде бірқатар елде жеке ақша аударымдары үшін қолданылуын жалғастыруда, алайда банктік бақылаудың жоқтығынан заңсыз схемаларда да пайдаланылуы мүмкін.

Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды. Бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +30
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +24
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +29
П
Павлодар +32
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +30
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер