15 ақпан 2017 | 13:46

ХҚКО-лар жұмысындағы ақау жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасының жұмысын қалыпқа келтіру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасының жұмысын қалыпқа келтіру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Енді қазақстандықтардың ХҚКО-лардан барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуларына болатыны айтылады. "Жүйенің істен шығуы кезінде жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтерді алу мүмкін болмады, оның үстіне тұрғылықты жері бойынша тіркелуге ниет білдіргендер мекенжайларының тіркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуде қиындықтар болды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лардың жұмысын тоқтатқаны хабарланған болатын. "ІІМ жүйесіндегі ақауларға байланысты Қазақстан Республикасы территориясындағы арнайы халыққа қызмет көрсеут орталықтары келушілерге уақытша көмек көрсете алмайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сіздердің шыдамдылығыңыз үшін алғыс айтып, кешірім сұраймыз!", - делінген еді хабарландыруда.

Айта кетейік, еліміздің ХҚКО-ларында уақытша тіркеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети