21 қыркүйек 2016 16:01

ІІМ жүйесіндегі ақаулар Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лардың жұмысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ жүйесіндегі ақаулар Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лардың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.


ІІМ жүйесіндегі ақаулар Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лардың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Жалғасы

"Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясының Facebook желісіндегі ресми парақшасында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама жарияланды: "ІІМ жүйесіндегі ақауларға байланысты Қазақстан Республикасы территориясындағы арнайы халыққа қызмет көрсеут орталықтары келушілерге уақытша көмек көрсете алмайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сіздердің шыдамдылығыңыз үшін алғыс айтып, кешірім сұраймыз!", - делінген хабарландыруда.

Сонымен қатар, ІІМ әкімшілік полициясының комитетіндегілер де Facebook желісіндегі парақшасында ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрады: "2016 жылдың 21 қыркүйегінде ІІМ әкімшілік полициясының комитетіндегілер арнайы ХҚКО-да, тіркеу бөлімшелері мен ІІМ арасындағы арналарда пайда болған ақауларға байланысты аталған бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі жоқ. Ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз".

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети