29 шілде 2021 17:15

ХҚКО-ларда клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстанның ХҚКО-лары азаматтарды тек алдын ала жазылу арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, жұмыс кестесі қысқарды, фронт-офистер мемлекеттік қызметтерді таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ұсынады. Еліміздің барлық өңірінде ХҚКО-лар бес күндік жұмыс кестесіне көшті, сенбі және жексенбі күндері демалыс. Осыған байланысты ХҚКО күніне санаулы адам ғана қабылдай алады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері.

Мемлекеттік корпорация мәліметінше, жұмыс барысында халықты көбірек қамту үшін фронт-офистерде қызмет көрсету уақытын 20 минуттан 15 минутқа дейін қысқартуға шешім қабылданды. Бұл қадам брондау үшін қолжетімді слоттардың санын 25 пайызға арттырды, бұл бір қызметкерге бір сағат ішінде төрт клиентке қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети