08 қазан 2018 | 15:31

Храпунов ісі: Ғабиден Қайымсұлтанов пен Яков Заяц жазадан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпуновтың ісіне қатысты фигуранттарға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпуновтың ісіне қатысты фигуранттарға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Қуандық Бисқұлтанов, Абай Сапаров, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов пен Абдул-Ғазиз Мұкашев жазадан босатылды.

Мұның алдында  Виктор Храпуновтың 17 жылға, ал Лейла Храпунованың 14 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ, осы іс бойынша сот алдында Айяр Ілиясов пен Алтай Қасымов келді.

Мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, ал Лейланы 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бұдан бөлек прокурор оларды мемлекеттік қызметте және қаржы ұйымдарында 7 жыл уақыт жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ, марапаттарынан айыруды сұраған болатын.

Виктор Храпуновтың тұратын мекенжайы

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети