14 қыркүйек 2018 15:13

Виктор Храпуновтың тұратын мекенжайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор мен Лейла Храпуновтар. © facebook.com мен Google Maps Виктор мен Лейла Храпуновтар. © facebook.com мен Google Maps

Алматыда Виктор Храпуновтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Виктор Храпуновтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ осы істегі бас фигурант отырысқа қатысқан жоқ. Іс материалдарына қарағанда, 250 миллион доллар ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпунова қазіргі уақытта Швейцарияда Женевада тұрып жатыр.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ерлі-зайыпты мына мекенжай бойынша тұрады: Rue du Mont-Blanc 3 12 01 Geneve. Сот материалдарында осы мекенжай бойынша үшінші сотталушы Айяр Ильясов тұрып жатқаны көрсетілген.

Сондай-ақ, сот материалдарына қарағанда үшеуінде де ҚР азаматтығы бар.

Google Maps картографиялық қосымшасына сүйенсек, Rue du Mont-Blanc 3 12 01 мекенжайы қоршауға алынған аумақта  орналасқан.


Google Maps

Картаға қарағанда, Храпуновтар Женева көлі, Руссо аралы және Монблан көпірі аумағында тұрады. Монблан көпірі 1862 жылы салынған және ол қаланың көрнекті жерлерінің бірі болып саналады. Оны көбі Женеваның ең әдемі жер деп санайды екен.


Google Maps

Мон-Блан көшесі.


Google Maps

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети