18 шілде 2014 13:06

Иесіз қалған пәтерлер мәселесін мұқият қарау қажет - Жоғарғы сот

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Мами. Фото Марат Абилов© Қайрат Мами. Фото Марат Абилов©

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің айтуынша, иесіз қалған пәтерлер мәселесін мұқият қарау қажет. Себебі ондай баспаналар жөнделгеннен кейін сол үйлердің иелері бірден табылып жатады. Олар сот арқылы өз пәтерлерін қайтарып, ел азаматтарының біразын далада қалдырып кетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайрат Мәми кезінде өз үйін тастап кеткен пәтер "иелерінің" жетегінде кетпеу керек деп санайды. "Неге сол пәтерлерде 20-25 жыл тұрған азаматтар сот шешімімен бір күннің ішінде далада қалуы тиіс? Олар үйді жөндеді, 15 жыл тұрды. Бәлкім, біреуге сатып жіберген болар. Бір кезде пәтер иесі шыға келеді де, сот арқылы қайтарып жатады. Пәтер иесі емес, көбінесе, диллерлер болады. Олар пәтердің жақсы жағдайда тұрғанын көріп, табыс көру үшін сенімхатты тауып алады да, сол үйді сатып жібереді. Ал пәтер иесінің өзі келмеуі де мүмкін. Осылардың жетегінде кетпеу керек", - деді Мәми бүгін судьялардың кеңейтілген кеңесінде. Осы орайда ол биыл сот шешімімен далада қалған Кәрібаевтың мәселесін мысал ретінде келтірді.

Айта кетейік,  бұған дейін өзін-өзі өрттеймін деген әйел туралы ақпарат тараған болатын. Оны 15 жыл бойы иесіз болған пәтерден шығарып тастады. Сол үшін ол өзін және өз отбасын өрттеймін деп мәлімдеді. Шахтинск қаласында да 20 жыл иесіз тұрған пәтердің қожайыны өз үйін қайтарамын деп сотқа берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети