ІІД Ақтөбе облысында жануарларды өлтіріп, жасырын жаттығып жүрген уаххабтар туралы мәліметті тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІД Ақтөбе облысында жануарларды өлтіріп, жасырын жаттығып жүрген уаххабтар туралы мәліметті тексерді © Diapazon.kz

Ақтөбе облысында жануарларды өлтіріп, жасырын жаттығып жүрген уаххабтар туралы мәлімет жалған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жануарларды өлтіріп, жасырын жаттығып жүрген уаххабтар туралы мәлімет жалған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері осы дерек бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірге тексеріс шараларын жүргізді, оның нәтижесінде бұл дерек расталмады", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, осыған дейін радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысындағы далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүргені жайлы мәлімет тараған болатын. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлаған еді. 

"2014-2015 жылдары браконьерлер олармен төбелесіп қалып, атысқан. Бұл Саркөл ауылының маңында болды. Түнде олар қоян мен борсықтарды өлтіріп жаттығады. Оларды ұстағымы келгенде қарсылық танытты. Ал таңертең көлігімнің капотынан оқ дәрі таптым. Онда келесі жолы бұл оқ дәрінің менің денемнен бірақ шығатыны туралы жазылған", - деп хабарлаған еді бұрынғы орманшы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети