10 шілде 2016 09:06

Уаһһабтар Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жасырын жаттығып жүр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Diapazon.kz © Diapazon.kz

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр. 


Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр. 

"2014-2015 жылдары браконьерлер олармен төбелесіп қалып, атысқан. Бұл Саркөл ауылының маңында болды. Түнде олар қоян мен борсықтарды өлтіріп жаттығады. Оларды ұстағымы келгенде қарсылық танытты. Ал таңертең көлігімнің капотынан оқ дәрі таптым. Онда келесі жолы бұл оқ дәрінің менің денемнен бірақ шығатыны туралы жазылған", - деп хабарлады бұрынғы орманшы. 

Оның айтуынша, айтылып отырған адамдар әдеттегі браконьерлер емес, олар аңшылыққа өз жанұяларын асырау үшін  шықпайды. "Олар "Пикап", "Газель" сияқты көліктер мінеді, мұнай ұрлап, өмір сүреді. Өте ұйымшыл әрі сауатты. Ұсталған кезінде не істеу керек екенін біледі, заңнан үзінділер келтіреді, атуды еті мен терісі үшін емес, қарулы қақтығысқа дайындалады", - деді басылымға ол.

"Қарғалы ауданында орманшылар атыс шыққан жаққа бірнеше рет барып көріп, нысандарға оқ атып жатқандарын да көрдік. Осындай қауіпті жерлердің бірі - Бесқопа ауылы. Орманшылардың басым бөлігі бұл жерден аулақ жүруге тырысады", - дейді ол. 

Алайда, оның айтуынша, орманшылар уаһһабтардың жасырын жаттығуды қайда жасап жүргенін көрсетуге дайын, алайда олар өз өмірлері үшін қорқып отыр екен. "Құқық қорғау органдары кепіл болса, сол далалыққа апарып көрсетер едік, полиция мен ҰҚК келсе, айтып берер едік. Ал бізде Бестамақ тас жолының бойында полиция шақыртсаң, 2-3 сағаттап күтесің", - дейді ер адам. 

Ал аңшы Александр Мандрыкин былай дейді: "Хромтау ауданында мен жеті жыл бұрын адамдар тобын көргенмін, олар аққуларды жаппай қырып тастады. Екінші жағдай Родниковка ауылының маңында болды. Жүк көлігін көрдім, ол бұрылып, тоғыз адам сапқа тұра қалды. Ол жақта жаттығулар өтіп жатты. Бұл жерге бару өте қиын еді. Ал келесі күні ҰҚК-да істейтін таныстарым бұл ауылдың маңында ресми жаттығу өтпегенін хабарлады".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети