ІІД басшысы Ақтөбедегі теракт бойынша "бағыттамаларда" кеткен қателіктерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІД басшысы Ақтөбедегі теракт бойынша "бағыттамаларда" кеткен қателіктерге қатысты пікір білдірді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбеде болған теракт бойынша бағыттамаларда кеткен қателіктерге қатысты түсінік берді. Бұл туралы ол ҚР Парламент Сенатының мәжіліс залы сыртында болған толық мәжілісте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр. Біз ресми түрде берген бағыттамалар Интернетте пайда болған бағыттамаларға сәйкес келмейді. Біз қазір тексеріс жүргізіп жатырмыз. Барлығы расталса, біз түсінік береміз", - деді Қасымов.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шыққаны хабарланған болатын. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнасай ауылының орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Сағынған Сейітқали өзін Ақтөбедегі терактке қатысы бар күдіктілердің тізімінен тауып алған. Тізімді белгісіздер Интернетте 5 маусымда таратқан. Кейін тізім көлік және коммуникация колледжінде де ілініп, бұл оқу орнына түскісі келген түлек сол жерден өзін көріп қалыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети