22 маусым 2016 09:33

Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Диапазон" басылымы "Диапазон" басылымы

Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты, - деп хабарлайды "Диапазон". Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнасай ауылының орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Сағынған Сейітқали өзін Ақтөбедегі терактке қатысы бар күдіктілердің тізімінен тауып алған. Тізімді белгісіздер Интернетте 5 маусымда таратқан. Кейін тізім көлік және коммуникация колледжінде де ілініп, бұл оқу орнына түскісі келген түлек сол жерден өзін көріп қалыпты.


Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты, - деп хабарлайды "Диапазон". Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнасай ауылының орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Сағынған Сейітқали өзін Ақтөбедегі терактке қатысы бар күдіктілердің тізімінен тауып алған. Тізімді белгісіздер Интернетте 5 маусымда таратқан. Кейін тізім көлік және коммуникация колледжінде де ілініп, бұл оқу орнына түскісі келген түлек сол жерден өзін көріп қалыпты.

Сағынған анасымен бірге тұрады, әкесі жоқ. "Маған достарым телефон соғып, терактке қатысы барлардың тізімінде екенімді айтты. Сене алмадым, әзіл шығар дедім. Кейін өзімнің суретім бар бағыттама WhatsApp-тан келді. Қорыққан жоқпын, бірақ колледжге оқуға түсе алмай қаламын деп, уайымдай бастадым. Кейбір жігіттер қарым-қатынасын үзетінін айтып үлгерді. Мені өмірлерінен сызып тастады, көбісі әлеуметтік желілерде құлыпқа түсірді. Тізімге қателіктен кіріп кеткенімді түсіндіргім келмелі. Бірақ бұл қатты алаңдатты", - дейді бозбала.

Оқушының ағасы Шайхислам Жалғасбаев туыстарының бұл тізім туралы 12 маусымда білгенін айтты. "Әкім бізді кешкі уақытта әкімдікке шақырды. Сенбедім, қате екенін айттым. Шағын ауылда жаман сөз тез тарайтынын білесіздер ғой. Бізге бағыттаманы Қостанай облысынан таратылды деп айтты. Күдіктілердің тізімінде біз былтыр куәлік жасатқанда түскен суреті жүр. Біз Мәртөк аудандық ІІБ-ге хабарласып, құжаттарымызды көрсеттік, өтініш жаздық, кейін қалаға, ІІД-ге баруымыз керектігін айтты, сол жақтан бізді ҰҚКД-ға жіберді. Еш жерде ештеңе айтпайды. Ешкім кешірім сұрамайды. Телефон соғып, баланың көңілін басып қойса болады ғой. Оған ауыл азаматтары шабуыл жасаса қалай болар еді? Теракттан қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендер мәселен шабуыл жасауы мүмкін ғой. Біреудің жесірі көреді. Мұндай жағдайда ол балаға не істейтінін ойладыңыздар ма? Бізге артық ештеңенің қажеті жоқ, кінәлі емес деген қағаз берсе болғаны", - дейді ер адам.

Ал Байнасай орта мектебінің директоры Виктор Мезенец Сағынғаның жауапкершілігі бар, қайырымды, еңбекқор оқушы екенін айтып отыр. "Оның тізімге қалай түскені белгісіз. Өзіміз де түсіне алмай отырмыз. Ауылдан ешқайда кеткен жоқ. Бұл - қате, күмәнім жоқ", - дейді мектеп директоры.

Облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Руслан Бегімбаев түлектің қалаған оқу орнына түсе алатынын айтты. "Ереже бойынша, білім беру мекемелеріне түсуге ешқандай да шектеу жоқ, ол оқу орнына барып, құжатын тапсыра алады. Қалаған жеріне оқуға түсуге құқығы бар. Біз мұндай тізімді таратумен айналысқан жоқпыз. Біз оқуға жауап береміз, баланың ешкіммен байланысы болмаса, қорқатын дәнеңе де жоқ", - деді шенеунік. 

Оқушының күдіктілер тізіміне еніп кету жағдайына қатысты пікірін айтқан ҰҚК департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Бурин облыстық жедел антитеррористік операция штабының жұмысы барысында күдіктілерді іздестіру бойынша бағыттамаларды әлеуметтік желілерге таратпағанын айтады. "Терроризм актісі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің материалдары қазіргі уақытта ҚР ҰҚК тергеу департаментінің өндірісінде", - деді ол. 

Ал ІІМ өкілдері мұндай тізімді ведомствоның таратпағанын, сондықтан тізімнің рас-өтірігі белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети